385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Бозымбаев: Астанаға газдың келуімен бірқатар тариф қымбаттайды

  • 509
Қ.Бозымбаев: Астанаға газдың келуімен бірқатар тариф қымбаттайды

Астанаға газдың келуімен экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарады.

Алайда жылу тарифтері қымбаттайды

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бүгінде солтүстік өңірлерде ыстық су мен жылудың тарифтері аса қымбат емес. Себебі көмір өндіру кәсіпорындары жақын орналасқан. Аталған шикізатты жеткізуге көп ақша кетпейді. Ал «Сарыарқа» газ құбырымен көгілдір отын келгенде жылу тарифтері өзгереді.

«Сөз жоқ, ыстық су мен жылудың бағасы өседі. Қазіргі кезде Астана мен Павлодарда аталған тарифтер Алматыға қарағанда, екі есеге арзан. Өйткені көмір алыс емес, алып келіп, жаға беруге болады. Ал газдың келуімен су жылыту қызметінің бағасы өзгереді. Енді жылу электр стансалары толығымен газға көше алмайды. Бас кезінде көмір мен газды аралас жағамыз. Дегенмен су жылыту қазандықтарды газбен жұмыс істейді. Сол себепті ыстық су мен жылудың бағасы қымбаттайды», – деді Қ.Бозымбаев қоғамдық кеңестің отырысында.

Айта кетейік, бүгін министр Бозымбаев «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, шілде айында «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы салтанатты түрде басталады. Ал жылдың аяғына дейін құбырдың алғашқы бөлігі – «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана» желісі аяқталуы қажет. Оған шамамен 267,3 млрд теңге кетеді. 

«Бүгінде Қарағанды мен Ақмола облыстары, сондай-ақ Астана қаласының әкімдігі газды тарату желілеріне қатысты жоспарды әзірледі. Аталған ифрақұрылым магистраль құрылысымен қатар тартылуы қажет. Елордаға дейінгі аралықта 171 елді мекен газбен қамтылады деген жоспар бар. Ал Астананың өзінде көгілдір отын алдымен Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Оңтүстік-Шығыстың оң және сол жағына тартылады. Сондай-ақ, жылу электр стансасына да газ тартылатын болады. Соның арқасында экологияны айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік бар», – деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы