384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар зұлмат жылдарды еске алды

  • 388
  • UPD: 19:18, 31.05.2018
Қостанайлықтар зұлмат жылдарды еске алды

Өлшеусіз қасірет әкелген кеңестік репрессия халық жадынан ешқашан өшпек емес.

Қостанайда зұлмат жылдарды еске алған митинг өтті. Орталық саябақтағы саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған монумент басына жиналған көпшілік, аза тұтып, гүл шоқтарын қойды. Солақай саясаттың құрбаны болған жандардың ұрпақтары естелік айтты. Қостанайдағы бұл монументтің орнатылғанына биыл он бес жыл. Белгі қызыл террордан қуғын көрген түрлі ұлт өкілдерінің қаржысына салынған.

Михаил Юсупов, қаланың құрметті азаматы:

- Орыс болсын, қазақ болсын, кәріс, неміс болсын, қандай дін болсын, сол репрессияда марқұм болған адамдардың туыстары мен солардың ұрпақтары осы араға келіп осындай күнде бас иіп, құран оқып, естеріне алса екен деген ойымыз.

Хабар 24 телеарнасы