384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтаарал диқандары Якутияға қауын-қарбыз жөнелтті

  • 374
  • UPD: 09:38, 01.06.2018

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында бақша өнімдері былтырғыға қарағанда 10-15 күнге ерте пісті.

Мақтааралдық диқандар алғашқы 55 тонна қауын мен 45 тонна қарбызды Ресейге жөнелтті. Қарбыздан алғашқы өнім алған мына шаруашылық бір күнде 20 тонна тауар саудалаған. Қожалық төрағасы Бөрехан Әбішевтің айтуынша, қырғызстандық кәсіпкер 20 тонна қарбызды келісіне 140 теңгеден төлеп, Якутияға алып кетеді екен. Жалпы биыл ауданда 19 жарым мың гектарға  қауын, 8 мың гектар жерге қарбыз егілген.  

Айта кетейік, былтыр Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары 1 миллион 300 мың тонна бақша өнімдерін өндірсе, соның 631 мың тоннасы мақтааралдық диқандарға тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы