378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жаяу жүргіншілер жолағының алдында ескерту жазбалары пайда болды

  • 407
  • UPD: 11:04, 01.06.2018
Павлодарда жаяу жүргіншілер жолағының алдында ескерту жазбалары пайда болды pavlodarnews.kz

Павлодарда жаяу жүргіншілер өтетін жолақтардың алдында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жазулар пайда болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жаяу жүргінші жолының алдындағы және реттелмеген жаяу жүргінші жолында: «Жаяу жүргінші! Саған жүргізуші жол бергеніне көз жеткіз!», «Жан жағына қара!» деген жазулар орналастырылған.

– Осындай алдын алу шаралары арқылы тәртіп сақшылары жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің назарын жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтауға аудармақ, – деді баспасөз қызметінде.

Көліктің жаяу жүргіншіні басып кетуінің бірден бір себебі – сол жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережесін сақтамауы болып табылады. Көбінесе жаяу жүргінші белгіленбеген орындардан немесе жаяу жүргінші жолы арқылы өтпелі жолдан өтіп бара жатып, ұялы телефон қолданады және құлаққаптарын шешпейді.

Бұдан басқа, Павлодардың апаттық жол бөліктеріне және республикалық маңызы бар тас жолдарына жергілікті полиция қызметімен «Мен телефонмен сөйлесіп келе жаттым», «Мен бағдаршамның қызыл белгісінен өтіп кеттім», «Мен көлікке мас күйде отырдым», «Мен қарсы жолаққа шығып кеттім» деген жазуларымен жол көлік оқиғасына түскен автомашиналар қойылды. Айта кету керек, жыл басынан облыс аумағында 163 жол көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 15 адам көж жұмып, 214 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Сонымен қатар, балалардың қатысуымен 31 жол-көлік оқиғасы орын алып, 33 бала жарақаттанды. Жалпы аймақ жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 91 жол апаты тіркелді, алты адам көж жұмып, 89 адам әртүрлі жарақат алды. Бұдан басқа, балалардың қатысуымен 24 көлік оқиғасы тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы