389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зұлмат жылдары Атырау өңірінде білікті мұнайшы мамандар жазықсыз оққа ұшты

  • 669
  • UPD: 12:47, 01.06.2018

Талай адамның тағдырын тәлкек еткен қуғын-сүргін тауқыметі мұнайлы өңірді де қатты күйзелтті.

1937-38 жылдардағы саяси репрессияға ұшырағандардың қазақстандық қауымдастығы Атырау облыстық филиалының мәліметі бойынша 11 мың 134 адам сталиндік зұлматтың құрбаны болған. Олардың 730-ы атылған. 2 мың 665-і бас бостандығынан айырылып, 246-сы жер аударылған.  Кінәсіз кінәлілердің қатарында 421 мұнайшы бар. Қазіргі Доссор, Мақат мұнай-газ өндіру басқармалары, «Доссор мұнаймаш» жауакершілігі шектеулі серіктестігі және сол жылдарда солтүстік аудан, яғни Ақтөбе облысы мұнайшылары аумағында болған бұрғылау, көлік жабдықтау кәсіпорындары мен мекемелерінде жұмыс істеген 171 адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Бұл деректерді облыс тарихшылары мен журналистер Ресейдің Орынбордағы мұрағатынан анықтады.

Исатай Балмағамбетов, журналист:

- Бұлардың қатарында алғашқы қазақ мұнайшы инженерлерінің бірі Әлғазы Ілиясов, Доссорда алғаш комсомол ұйымын ұйымдастырушылардың бірі  Василий Урясов, Доссор компрессор станциясының машинисі Сәбит Аманқұлов, алғашқы қазақ мұнайшылары Аққали Аустниязов, Баймолда Шырдабаев,  Молдаш Бейсенғалиев,  Атшыбай Нұрсейітов сияқты арыстар бар. Олардың бәрі бірдей атылмағанмен сенімсіз мамандар есебінде болғанына тарих куә.

Хабар 24 телеарнасы