382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бәйтерек» холдингі Дүниежүзілік банктің конференциясына қатысты

  • 314
  • UPD: 13:52, 01.06.2018
«Бәйтерек» холдингі Дүниежүзілік банктің конференциясына қатысты

Вашингтонда Басқарушы директор – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма мүшесі Айнұр Қуатова тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мәселесі бойынша Дүниежүзілк банктің конференциясына қатысты.

Форум барысында А.Қуатова «Бәйтерек» холдингінің Қазақстандағы тұрғын үй саясатын дамытуға қосқан үлесі мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын кешенді іске асыру туралы баяндамасын ұсынды. Бағдарлама Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2016 жылы холдингтің қатысуымен әзірленіп, тұрғын үй нарығына қолдау көрсетудің бұрын қолданылған тетіктері мен тетіктерін біріктірді.

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыра отырып, «Бәйтерек» холдингі нарық негізінде Қазақстан халқы үшін сұраныс пен ұсынысты қамтамасыз етіп, тұрғын үйге қолжеткізудің толық кезеңдік жүйесін қамтиды», – деді Айнұр Қуатова.

Өз сөзінде спикер тұрғын-үй құрылыс саласында «Бәйтерек» пен оның еншілес ұйымдары қол жеткізген нақты нәтижелер туралы айтып өтті. Оның ішінде тұрғын үй саясатын әске асырудың түйінді құралдарының бірі – еуропалық тәжірибені қабылдағын және тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесін іске асыруды бастаған посткеңестік кеңістігіндегі жалғыз қаржы институты - Тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі.

«Қазіргі таңда Қазақстаның ипотекалық кредиттеу нарығындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің үлесі 35% құрайды. Банк жыл сайын орта есеппен сомасы 170 миллиард теңге (520 млн доллар) болатын тұрғын үйді сатып алуды қаржыландырады. 2017 жылы Банк 243 миллиард теңге (744 млн доллар) сомасында қарыз берді, ол елдің барлық ипотекасының үштен төрт бөлігін құрады. Өз қызметінің барлық кезеңде қаржы институты сомасы 850 миллиард теңгеге (2,6 млрд доллар) қарыз беріп, Қазақстанның 140 мыңнан астам азаматының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесті», – деп хабарлады А.Қуатова.

Сонымен қатар екінші деңгейдегі банктер қызметінің барлық кезеңінде сомасы 212 млрд теңгені (647 млн доллар) құрайтын 62,6 мың ипотекалық қарызды сатып алып, 1,4 мың ипотекалық қарыз берген және 3 мың өтімінді қаржыландыруды мақұлданған Қазақстандық ипотекалық компаниясының жұмысы аталып өтті. Бұдан басқа Тұрғын ұй құрылысына кепілдік беру қоры, «Даму» Қоры мен «Бәйтерек девелопмент» АҚ жұмысының тетіктері ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы