384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде Алматыдан жеткізілген трамвайлар жолға шықты

  • 492
  • UPD: 14:18, 01.06.2018

Өскемен көшелерінде енді Алматыдан әкелінген трамвайлар қатынайтын болды.

Олардың зауыттан шығарылғанына 30 жылдан асса да  шаһардағы  ескі вагондардан әлдеқайда жаңа әрі сапалы екен.

Естеріңізге салайық, қаладағы трамвай паркі қарызға белшесінен батып, банкротқа ұшыраған болатын.Осыған орай наурыз айынан,, аталған қоғамдық көлік түрі қатынасын тоқтатқан еді. Көп ұзамай парк мүлкі сатылып, мекеме Ертіс әлеуметтік корпорациясына өтті. Енді ушыққан мәселе шешіле бастады. Алматыдан 118 миллион теңгеге 13 вагон сатып әкелінді. Көлік компаниясының өкілдері оларды біртіндеп іске қоспақ. Ендігі басты мәселе  рельстерді күрделі жөндеуден өткізу. Ал әзірге Алматыдан жеткізілген трамвайлар жолаушылар көңілінен шығып жатыр.

Манарбек Рамазанов, қала тұрғыны:

- Ескі трамвайлар енді, ескінің аты ескі ғой, салдыр-гүлдір, аңғал-саңғал. Ішінен жел соғып, іші салқын болатын, қазір жақсы, ыңғайлы, жұмсақ, жүрісі де жұмсақ жақсы.

Хабар 24 телеарнасы