384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жарма мен қанттың бағасы арзандады

  • 428
  • UPD: 22:30, 01.06.2018
Қазақстанда жарма мен қанттың бағасы арзандады Kapital.kz

Қазақстанда 2018 жылдың мамырында 2017 жылдың мамырымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 5,1%-ға өскен.

Есепті кезеңде алкогольді сусынның бағасы – 11,5%, сүт өнімдері – 10,4%, балық және теңіз өнімдері – 8%, кондитерлік өнімдер – 7,8%, тоқаш, ұннан жасалған өнімдер – 6,3%, кофе, шай және какао – 2,5%, макарон өнімдері – 2,2%, жеміс-жидек пен көкөніс – 1,3%, нан – 0,7%, ұн 0,5%-ға қымбаттаған, ал жарманың бағасы 18%-ға, қант 8,3%-ға арзандаған. Ет пен ет өнімдерінің бағасы 8%-ға жоғарылаған. Оның ішінде сиыр еті – 9,6%, жылқы еті – 8,9%, шұжық өнімдері – 8,1%, шошқа еті – 7,8%, қой еті – 6,9%, құс еті 1,9%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

 

Хабар 24 телеарнасы