383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Толассыз жауын қостанайлық диқандардың жұмысына кедергі келтірді

  • 316
  • UPD: 07:47, 02.06.2018
Толассыз жауын қостанайлық диқандардың жұмысына кедергі келтірді

Қостанай облысында толассыз жауған жауын егіс жұмыстарына кедергі болуда.

Мамыр айының соңғы онкүндігінде бір айлық нормаға тең ылғал түскен. Өңір диқандары көктемгі науқанды 3 маусымда аяқтауды жоспарлаған еді. Алайда бүгінге дейін 3,9 млн гектар алқапқа ғана дән сіңірілген. Бұл – жалпы көлемнің 86 пайызы. Аймақтағы ахуал әртүрлі. Оңтүстіктегі Арқалық, Амангелді, Жангелдин аудандарында тұқым себіліп болса, Әулиекөл, Наурызым, Қарасу, Федоров аудандары аяқтауға жақын. Өңірдің теріскейіндегі диқандар ауа райының қолайсыздығынан амалсыз тұсалып тұр.

Сәлімжан Есенаманов, Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі:

– Сарыкөл, Ұзынкөл, Таран, Қарабалық аудандарындағы жағдай қиын. Мамандар жауын-шашын 4 маусымға дейін созылады деп отыр. Одан соң танаптар дегдіп, техникалар жұмысқа кіріскенше кемі екі күн кетеді. Мұндай жағдай 2014 жылы болған еді. Онда егіс жұмыстары маусым айының 15-іне дейін созылған еді.

Хабар 24 телеарнасы