384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жаңа аурухана ашылады

  • 495
  • UPD: 07:43, 04.06.2018
Алматы облысында жаңа аурухана ашылады

Алматы облысының Сарқан ауданында 27 жыл бойы құрылысы тоқтап тұрған аурухананың құрылысы қайта қолға алынды.

Ол Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандарының халқына қызмет көрсетеді. Заманға сай медицина мекемесінде нейроинсульт және травматология орталығы, перзентхана, хирургия, жансақтау бөлімдері мен күніне 160 адамға қызмет көрсететін емхана жұмыс істейтін болады. 

Темір Тілемісов Сарқан емханасында 40 жылдан бері хирург болып еңбек етіп келеді. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарында аудан орталығынан жаңа аурухана салына бастағанда жергілікті халық бөркін аспанға ата қуанған еді. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылмады. Оңтайландыру кезеңінде аурухананың құрылысы тоқтап қалды. Міне, арада 30 жылға жуық уақыт өткен соң сақалды құрылысқа айналған ғимарат қайтадан салына бастады.   

Темір Тілемісов, Сарқан аудандық емханасының дәрігері:

- Бұрын әр жерде бытырап жүрген аурухана болатын. Ана жерде, мына жерде 5-6 корпусы бар. Инфекциялық бөлімнен басқасы бір-ақ жерге шоғырланады.

Жаңа аурухананың пайдалануға берілуі арқылы бұл түйткілдердің барлығы шешіледі. Оның аумағы 5,5 мың шаршы метр. Медицина мекемесі соңғы үлгідегі қондырғы, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Ол өңіраралық аурухана мәртебесіне ие болады.    

Алтай Суғабаев, Сарқан аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Осында нейроинсульт орталық болады және өңіраралық травматологиялық орталық ашылған. Ол да осы аудандық ауруханада болады. Біз Ақсу, Алакөл секілді үш ауданға көмек көрсетеміз.

Қазір жоспарланған құрылыс жұмыстарының 30 пайызы орындалды. Жаңа аурухана ғимараты келер жылы көктемде халық игілігіне беріледі.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы