387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да қоғамдық кеңес құрылды

  • 601
  • UPD: 07:54, 04.06.2018
СҚО-да қоғамдық кеңес құрылды

Солтүстік Қазақстан облысында халық үшін аса маңызды бес әлеуметтік бастаманың жүйелі түрде жүзеге асуын қадағалайтын арнайы қоғамдық кеңес құрылды.

Оның құрамына түрлі партия мүшелері, ассамблея, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және студенттер енген. Барлығы 30-дан астам  азамат. Аталған құрылым бұдан былай өңірде Мемлекет басшысы ұсынған жобалардың сапалы түрде жүзеге асырылуына қоғамдық мониторниг жүргізіп, оны тұрақты түрде бақылауда ұстамақ. Кеңес мүшелері алғашқы отырысында алда атқарылатын жұмыстардың парқы мен нарқын бағамдады.

Артур Молдағұлов, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:

- Қоғамдық кеңес мүшелері оқиға орнына арнайы барып, атқарылып жатқан шаруалармен танысады. Осылайша Елбасы бастамаларын созбақтап, селқостық танытқандарды анықтайтын боламыз. Ал кеңестің отырысы әр тоқсан сайын өткізіліп тұрмақ.

Хабар 24 телеарнасы