386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай әуежайы жұмысын жалғастырды

  • 430
  • UPD: 10:51, 04.06.2018
Қостанай әуежайы жұмысын жалғастырды Resurs.kz

Жолақ дайын, жол ашық.

Қостанай облысындағы тілшіміз Абылай Мауданов Қостанай әуежайы таңертеңнен бері ұшақ қабылдай бастады деп хабарлайды. Егер естеріңізде болса, кеше Алматы – Қостанай бағытындағы рейсті орындаған ұшақ қону кезінде қауіпсіздік жолағына ауып кеткен. Қостанай әуежайы әлгі оқиғадан кейін барлық рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді. Өйткені қосымша жолақты босатпайынша, қозғалысты реттеу қисынсыз еді. Ал ұшақты орнынан қозғалту үшін арнайы құрылғы қажет екен. SCAT әуекомпаниясына тиесілі әуе көлігінде 80 адам болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы