385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда кәсіпорын өндірісін жаңғырта бастады

  • 492
  • UPD: 13:29, 04.06.2018

Бір рет пайдаланатын медициналық бұйымдарды шығаратын павлодарлық кәсіпорын өндірісті жаңғыртуға көшті.

Жуырда жаңа технологиялық желіге қол жетіп, арнайы алынған блок-модуль өндірісті әртараптандыруға мүмкіндік туғызған. Енді процедуралық жиынтықтар толық зарарсыздырылған күйде шығарылады.

Медициналық талаптарға сай кәсіпорынның өндірістік ғимараттары мінсіз таза болуы шарт. Жаңа желіні орналастыру үшін мекеме іші арнайы жабдықталды. Модульді конструкциялар орнатылды. Ол сыртқы ортаның әсерінен сақтайды. Есік-терезелері қымталған бөлмеде ауа тазалығы қамтамасыз етілген. Кез келген бактериялардың пайда болуына кері әсері бар. Модульдің ішіне кіру үшін толық зарарсыздардырудан өту қажет.

Татьяна Ложкина, өнім сапасын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

- Ауа көрсеткіштері, температура, ылғалдылығы, қысымы, аэрозольді бөлшектері және ғимараттың микробиологиялық тазалығы қатаң бақыланады. Сонымен қатар ауа баптағыш пен желдеткішке  көпсалалы сүзгілеу жүйесі қолданылады.

Процедуралық бұйымдар осындай таза жерде дайындалады. Өнімнің түрлері өте көп. Олар – хирургия бөлімшелеріне арналған төсек жаймалары және кешенді операциялық жиынтықтар. Мекеме қызметкерлері «тапсырыс алғанда, тұтынушының талап-тілектерін міндетті түрде ескереміз», – дейді.  

Лейла Маханова, кәсіпорынның коммерциялық директоры:

- Біздің бұйымдарымыздың ерекшелігі көп. Мәселен, тапсырыс берушінің талабына сай жасаймыз. Бізден төсек жаймаларын үлкейтуге немесе кішірейтуге болмаса ылғал сіңіретін жақтарының тіліктерін өзгертуді сұрап жатады. Барлық тапсырысты шұғыл түрде орындауға тырысамыз.

Бұл фабрика, бір жағынан, елімізде жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға өзіндік үлесін қосып отыр. Бір реттік медициналық өнімдерді шығару үшін пішу, тігу, қаттау жұмыстары бір жерде атқарылады. Жуырда зарарсыздандырылған жиынтықтардың тыныс жолдарына арналған түрлері жасала бастады.

Анастасия Ермендзина, технолог:

- Біз тыныс алу контурларының түрлі үлгісін жасаймыз. Күшейтілген, созылмалы, қлық  бұйымдар көптеген үрдістен өткен соң ғана тұтынушысына жол тартады.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы