388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рашид Алимов: Астана – ШЫҰ бесігі

  • 447
  • UPD: 21:22, 04.06.2018
Рашид Алимов: Астана – ШЫҰ бесігі

Циндао қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті тарихи мәні бар маңызды жиын болады.

Ұйымның Бас хатшысы Рашид Алимов Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында осылай деді. Ол Қазақстан мен Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарымен екі сағат бойы әңгімелесті.

«Үндістан мен Пәкістан қатарына қосылғалы бері Шанхай Ынтымақтастық ұйымының ауқымы кеңейіп, жаңа үлгіде қалыптасып келеді. Алдағы саммитте мемлекеттер «Еуразиялық сегіздік» форматында жүздесіп, ұйымды ары қарай дамытудың жаңа бағытын айқындайды. Бұл халықаралық байланыс жүйесіндегі өзгерістер мен жаһандық қауіп-қатер күшейген кезде аса қажет», – деді Алимов. Бас хатшы сонымен бірге Астананы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бесігі деп бағалап отыр. 2005 жылы Үндістан мен Пәкістан елордада ұйымның бақылаушы мемлекеттері болып қабылданса, арада 12 жыл өткен соң дәл осы Астанада толыққанды мүше атанды.

Рашид Алимов, ШЫҰ  Бас хатшысы:

– Бұл – әлемдегі ең жас қала. Астана бар болғаны 20 жаста. Бірақ осыған қарамастан қысқа уақыттың ішінде Астана үлкен халықаралық оқиғалардың орталығына айналды. Барлық бағыттар, барлық істер осы жерде тоғысады. Сондықтан әлемдік және аймақтық істерде, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының аясында Астананың дауысы маңызды. Оған қоса Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы