385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО тауарлары Қытайда сатылады

  • 450
  • UPD: 11:21, 05.06.2018
СҚО тауарлары Қытайда сатылады

Қытайдың Сиянь қаласында «Қазақстанда жасалған» тауарлардың сауда нүктелері ашылады.

Онда негізінен ет, май, ұн, тез пісірілетін тағамдар мен түрлі тұрмыстық заттар саудаланады. Іскерлік қарым-қатынасты нығайту үшін қытайлық инвесторлар Петропавлға арнайы келіп, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Ірі компаниялардың басшылары ауыл шаруашылығы өндірісімен танысып, келіссөздер жүргізді. Басқосу барысында бірлескен кәсіпорындар құру мәселдесі де талқыланды. «Бұл Жібек жолын жандандыруға мүмкіндік береді», – дейді тараптар. 

Қанат Баймұқамбетов, кәсіпкер:

- Біз Сиянь қаласында ұлттық нақыштағы сауда нүктелерін ашамыз. Онда Солтүстік Қазақстанда өндірілген тауарлар сатылады. Бұл орындарды Қытай мемлекеттік корпорациясы мен ауыл шаруашылығы қауымдастығы ұсынып отыр. Ірі сауда үйі биыл ашылады. Біз күзде саудаға шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы