386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде менингитке байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты

  • 505
  • UPD: 17:48, 05.06.2018

Ақтөбеде менингококк инфекциясына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Жыл басынан бері 3 адам ауру жұқтырған болса, барлығы да емделіп шыққан. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған 181 адам толық тексеруден өткен. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңінде 7 жағдай тіркелген. Яғни биыл екі есеге азайыпты. Өңірде қауіпті инфекциядан өлім көрсеткіші 2015 жылы тіркелген екен. Сол жылы 24 адам ауру жұқтырып, 2 адам көз жұмған. Қазір қаладағы адам көп жиналатын орындарда алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Үнпарақтар таратылып, дәрігерлер кеңес беруде. «Тұрғындар ауру белгілерін байқаған жағдайда, салғырттық танытпай, бірден медициналық көмекке жүгінуі тиіс», – дейді дәрігерлер.

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Ақтөбе облысы бойынша менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 14 жасқа дейінгілер арасында 2 бала мен 1 ересек адам болды. Барлығы да Ақтөбе қаласының тұрғындары. Бүгінгі күні барлық науқастар емделді. Науқастар медициналық ұйымға дер кезінде көмекке жүгінгені арқасында сырқаттарынан айықты.

Хабар 24 телеарнасы