386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысының бас дәрігері өңірдегі менингит туралы ақпаратты теріске шығарды

  • 627
  • UPD: 08:16, 06.06.2018

Маңғыстау облысында менингит ауруы тіркелген жоқ.

Аймақтың бас дәрігері әлеуметтік желіге тарап кеткен ақпараттың жалған екенін айтады. Облыстағы  ауруханалардың бір де бірінде менингококк инфекциясын жұқтырған азаматтар тіркелмеген. «Жұқпалы аурудың өршуіне ылғалды ауа райының әсері мол. Ал, Маңғыстауда күннің ысуы мен желдің күшейетінін ескерсек, алаңдауға еш негіз жоқ», - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Соңғы екі жылда облыста бұл дертпен бір де бір адам ауырмаған. Ал 2016 жылы екі, 2015 жылы 11 тұрғын ауруханаға түсіп, емделіп шыққан. Менингококк инфекциясына қарсы вакцина тегін медициналық қызмет тізіміне енбегендіктен өңір аталған екпені сатып алмаған.

Талғатбек Бапиев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Өзеннің студенті Алматы қаласында оқыған ҚазАТК-да ол 24 май күні сол менингит жұқпалы ауруынан қайтыс болғаны ол рас. Ал бірақ біздің өңірде, Маңғыстау облысында ондай жағдай тіркелген жоқ. Қазір бізде ауылдық, қалалық аурухананың бәрі дайын. Қоғамдық департаментпен облыстық денсаулық сақтау басқармасы штаб құрдық. Біздің бас мамандар дәрігерлердің бәрін құлақтандыру жасап, бәрін түгел оқыту семинарларынан өткіздік. Егер ондай індет тіркеле қалған жағдайда облысымыздың қай ауруханасы болсын бәрі түгел дайын.

Хабар 24 телеарнасы