386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғарғы сот ақша ұрлады деген күдікпен сотталған әйелді ақтады

  • 586
  • UPD: 12:09, 06.06.2018
Жоғарғы сот ақша ұрлады деген күдікпен сотталған әйелді ақтады sud.gov

Жоғарғы соттың кассациялық алқасының екі отырысында төрт қылмыстық іс бойынша ақтау үкімдері шықты.

Істердің бірі сотталған А.С.Ситинаның өтінішхаты бойынша қаралды.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталған құрылыс материалдары дүкенінде сатушы болып істеген. А.С.Ситина дүкен иесімен еңбек қатынастарын заңды түрде ресімдемеген. Жұмыс берушімен қолма-қол 60 мың теңге жалақыға ауызша келісімге келеді. Кейінірек қожайын уақытша қиындықтарды желеу етіп, жұмыс істеген кезеңі үшін А.С.Ситинаға жалақысын төлеуден бас тартады. Қожайын әңгіме барысында оған дауыс көтереді.

Сол кезде А.С.Ситина кассадағы 100 мың теңгенің 60 мыңын рұқсатсыз алып, ақшаны жалақы ретінде алғаны жөнінде қолхат қалдырады. Бұдан әрі дүкеннің кілтін қалдырып, А.С.Ситина жұмыс орнын тастап кетеді.  

А.С.Ситина 60 мың теңгені ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығы шектеледі.

Кассациялық алқа сотталғанның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ деген қорытындыға келді. Барлық айыптаулар бойынша А.С.Ситина ақталып, шығарылған сот актілерінің күші жойылды.

Хабар 24 телеарнасы