387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 16 тонна тауар тиелген жүк көлігінің тіркемесі өртенді

  • 390
  • UPD: 11:54, 07.06.2018
БҚО-да 16 тонна тауар тиелген жүк көлігінің тіркемесі өртенді Униан

Батыс Қазақстан облысында 16 тоннаға тарта киім-кешек тауарлары тиелген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті.

Оқыс оқиға Самара-Шымкент тасжолының бойында, Жымпиты елді мекенінің тұсында болды. Сырым аудандық өрт сөндіру қызметі бөлімшесінің командирі Батырбек Жұбанғалиевтің айтуынша, жүк көлігі Түркиядан Қырғызстанға бара жатқан. Өртті өшіруге екі техника мен жеке құрамның 10 жасағы жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы