383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаз маусымында қант бағасы көтерілмейді

  • 646
Жаз маусымында қант бағасы көтерілмейді naturalnews.com

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тауар интервенциясы жүргізіледі.Бөлшек саудада 1 келі қанттың белгіленген бағасы – 240 теңге, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жыл сайын осы кезде қант бағасының маусымдық өсуі байқалады, ол жеміс-жидектің пісіп, тұрғындардың жаппай қысқа азық-түлік дайындауына байланысты болатын жағдай. «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ қазіргі уақытта қант бойынша тауар интервенциясын жүргізеді. Астана қаласы әкімінің 17.10.2017 жылғы №102-21 шешіміне сәйкес 1 кг қанттың көтерме бағасы – 220 теңге, бөлшек саудада 240 тенгеден аспауы тиіс», – деді «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ-ның мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры Әуез Қарабалаев.

Еске сала кетейік, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры бағдарламасын іске асыру жөніндегі мамандандырылған ұйым.

Хабар 24 телеарнасы