386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шомылу маусымы басталуына орай Астанада қауіпсіздік шаралары жүргізілуде

  • 548
Шомылу маусымы басталуына орай Астанада қауіпсіздік шаралары жүргізілуде

Елордада күн жылынып, қаланың су айдындарында демалушылар саны күрт көбейді.

Біреулер балық ауласа, басқа адамдар қалалық жағажайға барып демалғанды таңдайды. Алайда осы мезгілде судағы оқыс оқиғалар көп орын алады. Көбіне адамдар ішімдік ішіп, сонымен қатар шомылуға жабдықталмаған және рұқсат етілмеген орындарда шомылу себебінен суға кетіп жатады. 

Адамдардың судағы жарақат алу мен суға бату жағдайларын алдын алу мақсатында департамент қызметкерлерімен 6 маусымда қалалық су айдындарында балық аулау орындарымен қалалық жағажайда жадынамалар таратылып, рейд шарасы өткізілді. Барлығы 40-тан астам балық аулаушы және жағажайда балалармен демалып жатқан 20 тұрғынға судағы басты қауіпсіздік ережелері жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы