389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жайылым жер өртеніп жатыр

  • 738
  • UPD: 20:11, 07.06.2018

Дала өрті Сарықоба орман шаруашылығының аумағында болуы мүмкін.

Нақты мәлімет өрт ауыздықталғаннан кейін белгілі болады. Өңірлік «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» қызметкерлерінің  айтуынша, осы уақытқа дейін мың гектардан астам ашық алқап жанып кеткен. Меркі жерінен шыққан өрт қазір Тұрар Рысқұлов ауданына өтті. Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Лапылдаған қызыл жалын дес берер емес. Тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге 100-ге жуық адам мен 16 техника жұмылдырылған.

Елнұр Әлімқұлов, облыстық «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының» бас маманы:

- Шөптің қураған себебінен және қамыс болғандықтан. Жанған жері алыс болып тұр. Су бар, батпақ бар. Содан айналып өту керек. Қазіргі таңда Меркі орман шаруашылығының мемлекеттік орман қоры жеріне кіріп кету қаупі бар. Алдағы уақытта қосымша ақпараттар беріледі. Егер кірген жағдайда.

Хабар 24 телеарнасы