389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудың бас сәулетшісіне айыппұл салынды

  • 385
  • UPD: 19:28, 07.06.2018
Ақтаудың бас сәулетшісіне айыппұл салынды

Өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқармаған Ақтаудың бас сәулетшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ол алдына келген азаматтарға уақтылы қызмет көрсетпей, негізсіз құжаттар сұратқан. Кейбір тұрғынға, тіпті, қызмет көрсетуден бас тартқан. Бір жылда бір емес, бірнеше рет заң бұзған қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына 408 мың 580 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Айта кету керек, өткен жылы 5 айда заңға қайшы әрекеттерге жол берген шенеуніктерге қатысты 6 әкімшілік іс қозғалса, биыл бұл көрсеткіш 16 дерекке артып отыр. 

Нұргүл Жанназарова, ҚР МҚІЖСЖҚІҚА Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы:

- Қызметтердің көрсетілу мерзімінің бұзылуы немесе стандартпен көрсетілмеген құжаттардың талап етілу жағдайлары және негізсіз бас тартулар фактілері бойынша осы 5 айдың ішінде 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Яғни бұл хаттамалар Маңғыстау облысының Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Мұнайлы ауданының лауазымды тұлғаларына байланысты толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы