386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республика аумағындағы бірқатар жылу қазандығы жөндеуден өткізілмек

  • 354
  • UPD: 07:53, 08.06.2018
Республика аумағындағы бірқатар жылу қазандығы жөндеуден өткізілмек

Алдағы күзгі-қысқы кезеңге электр стансалары сақадай сай болу үшін республика аумағында 8 энергия блогы, 56 қазандық, 45 турбинаға жөндеу жасалады.

Бұл – жылдық жоспар. Қазірдің өзінде оның 20 пайызы жүзеге асты. Тиісті сала мамандарының айтуынша, энергетикалық көздердің отын қоймаларына 3 миллион тоннаға жуық көмір мен 100 мың тонна көлеміндегі мазут жиналған. Бір сөзбен айтқанда, алдағы күз-қыс мезгіліне дайындық кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Сұңғат Есімханов, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:

– Біздің министрліктен әзірлік паспортын 189 мекеме алды. Алтауына біз паспортты берген жоқпыз. Жалпы осы дайындық толық болмағандықтан, біз сондай шара қолданып, сол алты мекемеге тиісті кодекске сәйкес айыппұл салдық. Былтырғы кезеңге салыстырғанда 12 пайызға техникалық бұзушылық төмендеді. Ең ірі техникалық бұзушылықтар кәсіпорындар ірі көп аумақтарда болады. Ол Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар өңірлерінде.

Хабар 24 телеарнасы