384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында қалааралық автобустарда жүру ақысы қымбаттады

  • 511
  • UPD: 11:22, 08.06.2018
Маңғыстау облысында қалааралық автобустарда жүру ақысы қымбаттады

Маңғыстау облысында 13 бағытта жүретін қоғамдық көліктерде жолақы қымбаттады.

Енді Ақтаудан Жаңаөзенге баратын автобус жолаушылары 750 теңге, ал Ақшұқыр ауылынан облыс орталығына жету үшін 120 теңге төлейді. Бұл өзгеріс ішкі бағыттарға жауапты азаматтар сұранысына орай туындап отыр. Қоғамдық көліктерге техникалық қызмет көрсету, жанармай мен қосымша бөлшектің өсуімен автобус парктерінің иелері шығынға батып келген еді. Тарифтерді бақыла бойынша комиссия мүшелері осы мәселені сараптай келе, кәсіпкерлер өтінішін қанағаттандырды. Бұл шешім облыстық мәслихат жиынында айтылды. Қазір облыс бойынша 400-ден аса автобус 47 бағытқа жолаушы тасымалдайды. Енді жолақының өсуімен автопарктерді жаңарту талабы да күшеймек.

Әліби Көшербаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Облысішілік тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарына қызмет көрсететін 8 мекемеден жолақы құнын көтеру жөнінде өтініш-хаттар келіп түсті. Осы себепті қазіргі таңда тарифтік комиссия құрылды. Мәслихат сессиясында біздің өтінішімізді 75 пайызы қолдады. Қазіргі таңда 13 маршруттың тарифін өзгертіп көтердік. «Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау» 160 теңгеге көтерілді. «Ақтау-Тұщықұдық-Шебір-Ақтауға» бұрын 850 теңге болған. Қазір 1000 теңге болды. «Ақтау-Қызан-Ақшымырау-Ақтау» бұрын 1065 теңге еді, қазір 1200 теңге.

Хабар 24 телеарнасы