384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да 22 ауыл көгілдір отынмен қамтылады

  • 610
  • UPD: 12:49, 10.06.2018

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында алдағы үш жылда 22 ауылдың халқы көгілдір отынды тұтынатын болады.

«Ал жыл соңына дейін Шәуілдір мен Темір елді мекенінің тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді», – дейді мамандар. Ауданға қарасты ауылдарды газдандыруға 1 миллиардттан астам теңге бөлінген. Қазіргі уақытта ұзындығы 51,4 шақырымды құрайтын газ магистралі мен автоматты газ тарату стансасының құрылысы аяқталды. 

Ерлан Айтаханов, Отырар ауданының әкімі: 

- Біз бұл мәселемен тоқтап қалмаймыз. Қосымша құжаттарымыз дайындалу үстінде. Қалған елді мекендерде халықтың саны төмен болғаннан кейін бұл жерде де көп қаражатты талап етпейді. Алдағы 2-3 жылда біз толығымен осы мәселені шешеміз деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы