386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Қытаймен визасыз жүйе орнаған жоқ

  • 528
  • UPD: 13:59, 11.06.2018

Қытай азаматтарына визалық жүйені жою жөніндегі қауесет шындыққа жанаспайды.

Сыртқы істер министрлігі мессенджерлер арқылы желдей тараған бұл ақпарды теріске шығарып, арандатушылық мақсатында жазылғандығын хабарлады. Ведомствоның ресми мәліметіне сүйенсек, еліміз Қытаймен визасыз жүйе енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Бірақ халықаралық әуежайлар арқылы транзитпен өтетін Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа ұзарту мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ онда барғысы келетін қазақстандықтарға дербес виза ресімдеуді қайта бастау бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл шаралар екі ел арасында қалыптасқан жан-жақты өзара әріптестік, тараптардың мүдделеріне өзара құрмет негізінде жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы