387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде кәріз суларын таситын көлік иелері тарифтің қымбаттауына наразылық танытты

  • 454
  • UPD: 10:09, 12.06.2018

Ақтөбеде ассенизатор машиналарының иелері коммуналдық мекеменің тарифті өсіргеніне наразы.

Біраз көлік бір апта бойы жұмысқа шықпаған. Кәсіпорын 1 шілдеден бастап, кәріз суларын төгетін жаңа станцияда талон жүйесін енгізбекші. Бұған дейін ассенизаторлар айына 84 рейс жасап, 15188 теңге төлеп келген. Станцияда жаңа есептегіш қондырғы орнатып, бір талонның бағасын 215 теңге деп бекітіп қойған. Коммуналдық мекеме өкілдерінің айтар уәжі - толықтай жаңа технологиямен жабдықталған станцияны күтіп ұстау үшін қосымша қаржы қажет. Осы орайда монополияға қарсы комитет ассенизатор иелері тұрғындарға арналған тариф бойынша төлеуі тиіс деген шешім шығарған. Бұрын лас су экологиялық талаптарға сай емес және қолдан қазылған шұңқырларға құйылатын. Жаңа станцияда суды төге бастағанда-ақ тазарту процесі қатар жүреді. Жалпы қаланың жеке секторындағы 25 мың үй орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Олар ассенизаторларға айына 2000 теңге төлеп отыр.

Тимур Бабанаев, коммуналдық кәсіпорынның вице-президенті:

- Біздің кәсіпорын лас суды қабылдап алып, тазарту қондырғысына дейін жеткізеді. Сол жерде тазаратамыз, яғни бірнеше қызмет түрі бар. Осыған байланысты біз ассенизатор көліктеріне тұрғындар үшін бекітілген тарифті қолданамыз. Олар жеке кәсіпкер болғанымен, заңды тұлғаларға арналған тарифті пайдалана алмайды. Себебі арнайы көліктер лас суды кәріз жүйесі жоқ аудандардан тасиды. Кәдімгі тұрғындар өздері қазып алған септиктердің суын бізге әкеледі.

Хабар 24 телеарнасы