388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейліктер көктемгі су тасқыны кесірінен жағажайсыз қалуы мүмкін

  • 564
  • UPD: 11:52, 13.06.2018
Семейліктер көктемгі су тасқыны кесірінен жағажайсыз қалуы мүмкін

Семейде шомылу маусымы басталғанмен, тұрғындар жағажайсыз қалатын түрі бар.

Былтыр Түйемойнақ аралында салынған нысанның бүгінде ізі де қалмаған. Ыңғайсыз жерге орналасқандықтан демалыс орны көктемгі су тасқыны кезінде қатты ағынға шыдас бермей шайылып кетті. Қала басшылығы бұл мәселенің оң шешімі биыл табатынын айтып, елді сендіруде. Енді жаңа жағажай Ертіс өзенінің сол жағалауынан салынады. Былтыр біраз дүние суға ағып еді. Онда 100 автокөлікке автотұрақ, құтқарушылар бекеті де қарастырылған.

Марат Даулетин, қалалық ТЖБ бас маманы:

- Суға кету оқиғаларының көбі тап осы жабдықталған жағажайдың болмауымен тікелей байланысты. Бірнеше жылдан бері жөні түзу жер табылмай келеді. Биыл жергілікті әкімдік қаржы бөліп, бұрын қалқымалы көпір болған жерден арнайы орын ашылмақшы.

Хабар 24 телеарнасы