384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Н.Назарбаевтың Қытайға сапары экономикалық серіктестік нығайғанын білдіреді

  • 626
  • UPD: 12:41, 13.06.2018

Неміс сарапшылары Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына жасаған сапарын табысты деп санайды.

Сондай-ақ келіссөздер екі тарап үшінде тиімді боларына сенімді. Гюнтер Кнабенің айтуынша, әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикамен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоғары қаржылық қарқынға әкеледі.

Гюнтер Кнабе, ОА елдері бойынша сарапшы:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары экономикалық серіктестіктің нығайғандығын білдіреді. Тараптар көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Олардың ең маңыздысы екі елдің кәсіпкерлері Қазақстандағы мұнай өңдеу зауытының құрылысына бірге қатысады. Сондай-ақ машина құрастыру саласы бойынша серіктестік еселенбек. Яғни Қазақстан Қытаймен бірге технологиялық ілгерілеу үдерісіне шығады.

Хабар 24 телеарнасы