386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Қазақстанның өнер мұражайы тың туындылармен толықты

  • 645
  • UPD: 14:07, 14.06.2018
Шығыс Қазақстанның өнер мұражайы тың туындылармен толықты

Шығыс Қазақстанда «Алтай – Қазақстанның жауһары» атты суретшілер пленэрі өз мәресіне жетті.

Басқосу нәтижесінде қылқалам шеберлерінің туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Осылайша облыстық өнер мұражайына келген көпшілік өнерлі жандардың жұмысымен жақын танысуға мүмкіндік алды. 10 күн бойы әдемі табиғат аясында қиялдарына ерік берген 20 суретшінің жұмысы бірінен бірі асып түседі. Шығармашылық ұжым Көктау, Қасқатау баурайында болып, Қонысбай өрі мен Шыбындыкөлдің тылсым табиғатына қанықты. Алған әсерлері қыл-қаламнан бояу болып құйылды. Биылғы плэнерден облыстық мұражай қоры 100-ге жуық пейзажбен толықты. Аталған шара суретшілерге де, мұражай мамандары да рухани демалыс сыйлады.

Ерлан Айтуаров, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, суретші:

– Мен бұл басқосуға қуана қатыстым, тек Қатонқарағай ауданына бара алмай кетіп барамын. Негізгі мақсатым сол жаққа бару еді. Сондықтан Қатонқарағайды көру үшін бұл өлкеге әлі де ораламын.

Хабар 24 телеарнасы