383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың үздік дәрігерлері анықталды

  • 681
  • UPD: 18:06, 14.06.2018

Астананың 20 жылдығы қарсаңында бас қаланың денсаулық сақтау саласы жетістіктерін жариялап, келешекке жоспар құрмақ.

Астаналық ақ халатты абзал жандар бас қосқан үлкен жиын Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатыр. Біздің түсірілім тобы да сонда. Дәл қазір әріптесім Мәншүк Мақсұтқызы студиямен  байланысқа шығуға дайын. Астаналық денсаулық сақтау саласының 20 жылдағы жетістігі қандай?

Мәншүк Мақсұтқызы, тілші:

Астанамен бірге қаланың әр саласы қатар дамыды. Қазіргі елорда мен бастапқы жылдардағы қаланың келбеті жермен көктей ғой, дәл солай мұндағы экономиканың барлық салалары да  ерекше қарқынмен өсті. Оның ішінде медицина саласы да бар.

Жиырма жылды қортындылаймыз деп бас қосқан дәрігерлер үздік әріптестерін де анықтады. Елімізде алғаш рет «Алтын шипагер» медициналық сыйлығы табысталды. Лавр жапырағы бейнеленген мүсін алтыннан жасалған көрінеді.Жеңімпазды анықтау кезінде ең алдымен пациенттердің сұранысын қанағаттандыру факторы ескерілген. мамандардың сапасына ерекше ден қойылды дейді ұйымдастырушылар. Қатысушылар  жыл дәрігері, бірегей от жасағаны үшін, тиімді менеджер, үздік жәдел жәрдем бригадасы сынды 12 номинация бойынша іріктелді.

- Астананың «алтын шипагері» кім болды? Жеңімпаздың есімі анықталды ма?

Мәншүк Мақсұтқызы, тілші:

- Мұны біздің көрермендеріміз де білгісі келіп отырған  болар Марал. Ендеше, есімін біліп қана қоймай, жүзін көріп танысуға да мүмкіндіктеріңіз бар.

Хабар 24 телеарнасы