389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Қазақстан Президентінің Қытайға сапары мемлекеттің жобадағы маңызды рөлін айқындай түсті

  • 330
  • UPD: 07:30, 15.06.2018
Сарапшы: Қазақстан Президентінің Қытайға сапары мемлекеттің жобадағы маңызды рөлін айқындай түсті

ШЫҰ саммиті қатысушы елдердің өзара әрекеттесуі жаңа кезеңге көтерілгенін көрсетті.

«Еуразиялық сегіздік» аясындағы әріптестік барлық мүше елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастыққа сеп болады», – дейді Қытайды зерттеуші, Ресей халықтар достығы университетінің профессоры Юрий Тавровский.

Юрий Тавровский, шығыстанушы:

– Расымен бұл Петербургке дейін созылған теміржол немесе тас төселген жол ғана емес. Бұл – жаңа қала, зауыт, институттар мен музейлер салынып жатқан жаңа белдеу. Қазақ елі әдеттегідей идея қозғаушысы рөлінде. Қазақстан Президентінің Қытайға сапары мемлекеттің жобадағы маңызды рөлін айқындай түсті. Мемлекет өзінің ұлттық мүддесін бірінші орынға қоятын салиқалы саясатының арқасында жеңіске жетіп келеді. Бұл – «Нұрлы жол» жобасы аясында Каспийге қарай салынған теміржол, Қазақстан қатысып отырған Танап жобасы және өзге де жобалар. Яғни Қазақстан қазір басымдыққа ие болып, пайдаға кенеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы