389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан маңызды рөл атқарады

  • 490
  • UPD: 07:58, 15.06.2018
Сарапшы: БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан маңызды рөл атқарады

Қытайдың Циндао қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті лаңкестікпен қарсы күреске басымдық берілетіндігін тағы да бір айқындады.

Ал Қазақстан болса халықаралық аренада бұл мәселеге қатысты нақты бастамаларын кезең-кезеңімен ұсынып келеді. Бүкіл қоғамдастықтың күш-жігерін қажет ететін аса маңызды салаға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерінің қолдау көрсетуі де маңызды. Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Африка елдері тобын Эфиопия мемлекеті таныстырады. Бұл ел қазақстандық делегациямен қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеп келеді.

Давит Ирга Волдегерима, БҰҰ жанындағы Эфиопия тұрақты өкілдігінің саяси үйлестірушісі:

– Біз лаңкестікпен күреске қатысты кездесу ұйымдастырғаны үшін Қазақстанға алғыс айтқымыз келеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қазақ елі маңызды рөл атқарады. Сіздер лаңкестіктен азат әлемге қол жеткізу Кодексін әзірлеу бойынша бастаманы кезең-кезеңмен ұсынып келесіздер. Және дәл осы уақытта біздің мүшелігіміз тұспа-тұс келгендігіне қуаныштымыз. Екіжақты серіктестігіміз ұзағынан болсын. Қазақстанның бастамаларына тек сәттілік тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы