386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неміс саясаттанушылары Елбасының Қытайға жасаған сапарының нәтижесін жоғары бағалауда

  • 423
  • UPD: 13:29, 03.07.2018
Неміс саясаттанушылары Елбасының Қытайға жасаған сапарының нәтижесін жоғары бағалауда

Неміс саясаттанушылары Қазақстан Президентінің Қытайға жасаған сапарының нәтижесін жоғары бағалап отыр.

Маттиас Дорнфельдтың айтуынша, жоғары деңгейде өткен кездесулер, тауар айналымының өсуі, ортақ жобалар мен бизнестің тиімді келісімшарттары – екі ел арасындағы достықтың жылдан-жылға беки түскенінің дәлелі.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары табысты болды деп ойлаймын. Көптеген жоба бойынша келісімдер жасалды. Қазақстан қаржы тартып, жұмыс орындарын ашуға қабілетті. Бұл осы елдің дамуына өте тиімді болмақ. Басқа елдер Қазақстанға одан да көп инвестиция салуға мүдделі болады. Менің ойымша, ең маңыздысы – көлік секторындағы ынтымақтастық. Қазақстанның логистикалық әлеуеті зор, өйткені сіздер арқылы Жаңа Жібек жолы өтеді. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаевтың инфрақұрылым мен көлік жолдарын дамыту туралы бастамасы стратегиялық тұрғыда маңызды. Көптеген неміс саясаттанушылары Қазақстанның аймақтағы ірі транзиттік хаб болатынын айтып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы