384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да Ораза айт мерекесіне орай жиналған қауым арасында ұлттық ойындар ойнатылды

  • 743
  • UPD: 13:57, 15.06.2018
ОҚО-да Ораза айт мерекесіне орай жиналған қауым арасында ұлттық ойындар ойнатылды

30 күн ораза ұстап, айт мерекесімен аман-есен қауышқан мұсылман қауым бүгін бір сапта тұрып, Аллаға құлшылық жасап, айт намазын оқыды.

Шымкентте мешітке жиналған жамағат айт намазынан соң, бір-бірін мерекемен құттықтап жатты. 12 айдың сұлтаны Рамазан биыл 29 күнде өте шықты. Ал Ораза айттың қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келуін жамағат жақсылыққа жорып жатты. Бұл күні мешітке жиналған тұрғындарға ұлттық ойындар ойнатылды. «Күш атасын танымас» демекші, білекті жігіттер әзірше өгіз емес, қошқар көтеруден жарысып, арқан тартудан сайысқа түсті.

Олжас Ханафин, Абдул Хамид Қаттани мешітінің наиб имамы:

–Бұл айтта барша мұсылмандар бір-бірлерін құттықтап, қонаққа шақырады, сондай-ақ игі істер жасайды.

Хабар 24 телеарнасы