383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылық түлектерге медициналық оқу гранты бөлінді

  • 517
  • UPD: 14:04, 16.06.2018

Қызылорда облысында медициналық колледж түлектері жоғары оқу орындарда тегін білім алуға мүмкіндік алып отыр.

Ақхалатты абзал жандардың кәсіби мерекесі қарсаңында аймақ басшысы 20 грант бөлді. Сондай-ақ біліктілік арттыруға арналған резидентураға 25 маман жіберіледі. Жалпы облыс бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қажетті мамандықтарға қайта даярлауға өткен жылы 68 млн теңге бөлінсе, биыл ол сома 2 есеге ұлғайып отыр. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында саланың үздік дәрігерлеріне 500 мың теңгенің сертификаттары табысталды. Аймақ дәрігерлерінің сапалы әрі жүйелі қызметі нәтижесінде өлім-жітім 4 пайызға төмендеп, сырбойылықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасты құрады.

Кәрімжан Сәду, медициналық грант иегері:

- Хирургия саласын таңдауды жөн санап отырмын. Себебі бізде кардиохирург, нейрохирург жеткіліксіздігі білінеді. Сондықтан болашақта өз туған жерге келіп, қызмет ету барша жастың арманы деп білемін. Сондықтан болашақта туған елге келуге және ақ халатыма дақ түсірмей, азаматтық ар-ожданды асқақ ұстауға тырысатын боламын.

Шахмарат Оспанов, дәрігер-онколог:

- Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасы көп қондырғы алып беріп жатыр. Цифрлы сараптамалық ультрадыбыстық аппарат алып берілді. Сондай-ақ рентген алынды. Дер кезінде анықталады. Дер кезінде анықталған соң ем де шипалы болады.

Хабар 24 телеарнасы