389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Жастарды зиянды идеологияның әсерінен қорғаудың жолы – білім беру

  • 521
  • UPD: 23:28, 16.06.2018
Сарапшы: Жастарды зиянды идеологияның әсерінен қорғаудың жолы – білім беру

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Циндаодағы өткен саммитінде жаһандық саясат пен қауіпсіздік мәселелерімен қоса, жастармен жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.

Қытайдағы кездесу қатысушылары кеңесті жастарды лаңкестік әрекеттерге тартуға жол бермеу үшін белсенді жұмыс істеуге шақырды. Өркениеттер альянсының жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз Әл-Насер арнамызға берген сұхбатында өскелең ұрпақты зиянды идеологияның әсерінен қорғау туралы өз пікірімен бөлісті.

Насир Абдулазиз Әл-Насер, БҰҰ Өркениеттер Альянсының жоғары өкілі:

– Көбінесе экстремизмнің құрбаны жастар болады. Осы мәселені шешудің бірден бір жолы – білім беру. Бүгінгі жас буын экстремистік діни үрдістерге ұшырамауы үшін алдын алу шараларын қабылдау өте маңызды болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы