384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде экологиялық талаптар күшейтілді

  • 568
  • UPD: 17:42, 18.06.2018
Ақтөбеде экологиялық талаптар күшейтілді

Ақтөбеде қоршаған ортаны ластап отырған кәсіпорындарға экологиялық талаптар күшейтілді.

Себебі қаланы жайлаған жағымсыз иіс әлі де жойылмай тұр. Тиісті талаптарды сақтамаған 7 мекеменің жұмысы уақытша тоқтатылды. Шаһар бойынша ауаның тазалығын бақылап отыратын 6 метеобекет бар. Өткен жылғы тексеру кезінде станциялардың біріндегі қондырғы атмосферадағы күкіртсутегінің межелі көрсеткіштен 25 есе көп екенін көрсеткен. Эколог мамандардың айтуынша, биыл дәл мұндай көрсеткіш тіркелмеген. Яғни жағдай жақсарып келеді. Әрі биыл қалада 3 кәріз су тазалау стансасы іске қосылып, жеке тұрғын үй секторларынан лас суларды қабылдай бастады.

Жақсығали Иманқұлов, облыстық Экология департаментінің жетекшісі:

- Биыл екі факті тіркелді, бұл күкіртсутегі емес, диоксид серосы болып тұр. Сондықтан біз 2 жыл бойы «Ақбұлақ» АҚ мамандарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы