374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында арнайы топ жатақханаларға рейд жүргізді

  • 506
  • UPD: 15:46, 19.06.2018

Павлодар облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топ өңірдегі жатақханаларда рейд жүргізді.

Мониторинг жүргізуге жеке тұлғаның өтініші түрткі болған.  Басты мақсат – «Бес әлеуметтік бастамада» айтылған міндеттерге сәйкес студенттердің тұрмысын тексеру, сонымен қатар нысандарды мақсатты пайдалану жағын қарау. Өкінішке орай, студенттер үйінде білім беру үрдісіне қатысы жоқ адамдардың тұратыны анықталды. Мәселен, бұл жатақханада 360 орын болса, қазіргі уақытта студенттердің тең жартысы демалыста. Дегенмен, бірнеше қызметкердің осында тұраныты белгілі болды. Оқу орны өкілдерінің айтуынша, ғылыми кеңестің шешімімен 1 тамызға дейін бұл азаматтарға қатысты шешім қабылданады. Жалпы топ мүшелері жаз кезінде тағы 9 жатақханада мониторинг жүргізеді. Бүгінгі таңда Ертіс өңіріндегі колледждерде 22 және жоғары оқу орындарының жанында екі мыңнан аса жатақхана орны бар.

Ерғали Жанғазы, арнайы қоғамдық топ мүшесі:

– Өкінішке орай, ондай фактілер болды. Бірінші, бұл бұл жатақханада техперсонал болып жұмыс істеймін деп айтты. Үш жылдай  тұрады екен. Одан кейін сантехник тұрады екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік істері жөніндегі департаменті келісіп, құқықтық жағынан қарайды. Біз оны талдаймыз, көреміз, қараймыз.

Осы категория бойынша: « Пойыз апатына қатысты құрылған комиссия жұмысын маусымның соңына дейін аяқтайды Шымкентте коррекциялық бағыттағы екі балабақша ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы