367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда шетте жүрген қандастар арасында олимпиада өтті

  • 198
  • UPD: 17:14, 19.06.2018
Қарағандыда шетте жүрген қандастар арасында олимпиада өтті

Қарағандыда шет елдегі қазақ диаспоралары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XV халықаралық олимпиада өтті.

Мақсат – елден жырақ жүрген қандастардың арасынан дарынды балаларды анықтау, оларды тарихи Отанымен таныстыру, ана тілін, әдебиетін, ұлттық салт-дәстүрін саналарына сіңіру, еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алуына және болашақта елге оралуына ықпал ету. Бұл жолғы сайысқа Иран, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Ресей Федерациясының Самара, Омбы, Алтай өлкелерінен командалар қатысты. 60 оқушы үш күн бойы жазбаша және ауызша түрде өз сынақ тапсырды. Жеңімпаздар диплом, грамота, медальдармен марапатталады. Сондай-ақ олимпиада дәстүрі бойынша жүзден жүйрік шыққан бірнеше балаға еліміздегі жоғары оқу орындарына білім гранттары берілді.

Айсұлу Әбеуғали, олимпиада жеңімпазы:

- Ата жұртым Қазақстанға арқа тірей келдім. Қазақстанға келгеніме сондай қуаныштамын. Әрі Қазақстанға маған үлкен грант сыйлап жатқанына үлкен-үлкен рақметімді айтамын. Маған өзімнің туған елім-жұртымда қалып, әрі қарай бір кірпіш болып қалануыма жол ашып бергеніне өте үлкен алғысымды айтамын.

Осы категория бойынша: « ОҚО-да жыл басынан бері 9 адам суға кеткен Семейлік тұрғындар жеделсатыға қамалып қалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы