386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банктің мобильді қосымшасында «7-20-25» деп аталатын жаңа бөлім іске қосылды

  • 545
  • UPD: 21:26, 19.06.2018
Ұлттық банктің мобильді қосымшасында «7-20-25» деп аталатын жаңа бөлім іске қосылды

Ұлттық банк «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекітті.

Жақын күндері бас банкир Данияр Ақышев бұл туралы егжей-тегжейлі түсіндіретін болады. Ал бүгін «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков журналистерге негізгі шарттар туралы айтып берді.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы:

- Үйдің бағасы 25 миллионнан аспауы керек. Ол Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қалаларында. Және де басқа өңірлерде 15 миллион теңгеден аспауы керек. Осы бағдарлама бойынша несие пайызы 7 пайыздан аспауы керек. Жылдық пайызы. Алғашқы жарна 20 пайыз болуы керек. Мерзімі 25 жылдан аспауы керек. Осы бағдарлама бойынша әрбір қазақстандықтың осы несиені алуға мүмкіндігі бар. Бірақ оның табысы болуы тиіс. Және де оның атында үйі болмауы тиіс.

Болжам бойынша қазақстандықтар жеңілдетілген ипотекалық несиеге осы жылдың екінші жартысында қол жеткізе алады. Қарыздарды беру рәсімінің басталғаны туралы алдағы уақытта хабарланатын болады. Сондай-ақ Ұлттық банк бүгін өзінің мобильді қосымшасында «7-20-25» деп аталатын жаңа бөлімді іске қосты. 

Данияр Сүтжанов, ҚР Ұлттық банкі сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

- Бағдарламаның шарттарына қатысты тұрғындар тарапынан сұрақ туындайтынын ескере отырып, «Қазақстан Ұлттық банкі «Online» мобильдік қосымшасында «7-20-25»  деп аталатын жаңа бөлімді іске қостық. Кез келген азамат бағдарламаға байланысты сұрақтарын қойып, тәулік ішінде тиісті жауап ала алады. Бүгіннің өзінде Ұлттық банктің мобильді қосымшасы арқылы 700-ден астам сұрақ түсті. Қазір оларға жауап дайындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы