384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дулат Исабеков: Тарихи шындық өзінің тарихи шешімін тапты

  • 1136
  • UPD: 23:29, 19.06.2018

Белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан облысын құру туралы шешіміне қатысты осындай пікір білдірді.

«Елбасы шешімінің нәтижесінде заманында Қазақ хандығымен түркі әлемінің орталығы болған, ақындар жырға қосқан Түркістан қайта түлейді», – дейді жазушы.

Дулат Исабеков жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

- Президенттің бүгін Жарлығын оқып қатты қуандым. Түркістан облысы деген атау иісі қазақтың жүрегінен жылы орын алады деп есептеймін. Құтты болсын, түркістандықтар! Енді ол жақтағы аудан көлеміндегі театр, аудан көлеміндегі мәдени орталықтардың бәрі облыс көлеміне ауысатын болды. Олардың еңсесі биіктей түсті, шаңырағы биіктей түсті. Енді Түркістанның өсіп-өркендеуі мықтап қолға алынады. Түркістан түркі әлеміне ғана емес, әлемге әйгілі облыстардың бірі болады.

Сайын Борбасов, саясаттанушы:

- Қазіргі Түркістанда бар қалалық инфрақұрылым облыстық мекемелерді, облыстық ұйымдардың барлығын қабылдауға, база болуға жарайды. Ал болашақта әлі де көптеген құрылыстар салынады. Осының өзі Түркістан қаласының қалалық инфрақұрылымына, қалалық құрылыстың сәулеттенуіне үлкен көмек жасайды. Түркістанға қазір де туристер аз келмейді. Енді көп туристердің келуіне жағдай жасайды. Екіншіден, Шымкент қаласы Алматы қаласының тәжірибесі сияқты үлкен мегаполис болып дамуға мүмкіншілік алады.

Хабар 24 телеарнасы