Шымкентті республикалық маңызы бар қалаға айналдырып, Түркістанға облыс мәртебесенің берілуі – халық үшін қабылданған игі шешім.
Өңір жұртшылығының ортақ пікірі осындай. Олардың айтуынша, тарихи құжат тұрғындардың әлеуметтік ахуалына оң әсер етуі тиіс.
Айнабек Оспанов, суретші:
- Оңтүстік – берекелі жер, берекелі мекен. Қазақстанның 20 пайызға жуық тұрғыны осында тұрады. Жақында ғана Шымкентте миллионыншы тұрғын дүниеге келіп, мегаполиске айналды. Ал Түркістанның облыс орталығына айналуы заңдылық шығар.