386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Түркістанның облыс орталығына айналуы, түркі халықтарының бірігуіне жол ашады

  • 626
  • UPD: 08:00, 20.06.2018
Сарапшы: Түркістанның облыс орталығына айналуы, түркі халықтарының бірігуіне жол ашады

Оңтүстік Қазақстан облысы атауының Түркістан облысы болып өзгеруі және Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы, бүкіл түркі халықтарының бірігуіне жол ашады.

Бұл Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Баршагүл Исабектің пікірі. Жалпы Түркістан ертеден-ақ түркі жұртының орталығы ретінде саяси-әкімшілік тұрғыдан үлкен рөл атқарған. Сондай-ақ 15-16 ғасырда Қазақ хандығының астанасы болған. «Бұл өзгерістің барлығы Түркістан қаласының гүлденуіне зор үлес қосады», – дейді ғалым.

Баршагүл Исабек, ОҚМПУ-нің оқу-ісі жөніндегі проректоры, т.ғ.к:

– Түркістан деген тарихи атаудың қайтуының өзі түркі халықтарының бірігуіне және сол түркі халықтарының мәдени астанасы ретінде Түркістан қаласының гүлденуіне зор үлесін қосады. Себебі Кеңес үкіметінің тұсында Түркістан деген атаудан бас тартқыза отырып, түркі халықтарынан шыққан Мұстафа Шоқай сияқты тұлғаларды қудалап, бұл атауды жойғызып тастаған.

Хабар 24 телеарнасы