384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өткен жылы Түркістанға алыс-жақын шетелден миллионнан астам турист келген

  • 834
  • UPD: 11:02, 20.06.2018

Түркістанның түлеп сала беретіні анық. Мәртебесі жоғарылаған сайын алар қамалы да айқын болады.

Қамбар Бекенов, тілші:

– Мың жарым жылдық тарихы бар қала білім ошақтары, мәдени орталықтары және туризм саласымен аты мәшһүр. Мәселен, өткен жылы Түркістанға алыс-жақын шетелден миллионнан астам турист ат басын бұрған. Бұл ретте тарихи-мәдени нысандардан бөлек, 35 түркітілдес және бірқатар еуропалық елдің мамандарын даярлайтын Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің орны ерек. 14 мыңдай студент дәріс алатын оқу ордасы әлемнің 76 ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Бұл да Түркістанның инновациялық білім, ғылыми озық прогрестің орталығы екенін айшықтайды. Орынбор-Ташкент темір жолы бағытында орналасқан қаланың республика өңірлерінің барлығымен байланысы бар. Сондай-ақ Солтүстік Еуропа мен Батыс Қытайды жалғайтын трансұлттық көлік дәлізі осы Түркістанның үстімен өтеді. Жалпы айтқанда, тоғыз жолдың торабында орналасқан қасиетті шаһардың экономикалық әлеуеті зор.

Хабар 24 телеарнасы