385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев Шымкент қаласының жаңа әкімін таныстырды

  • 635
  • UPD: 22:30, 20.06.2018

Бақытжан Сағынтаев пен Әділбек Жақсыбеков Шымкент активіне жаңа әкімді таныстырды.

Бұл лауазымға Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымовты тағайындалды. Ғабидолла Рахметоллаұлы 1975 жылғы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика және мемлекеттік басқару саласында екі жоғары білімі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Әр жылдары жауапты басшылық қызметтер атқарған. Премьер-Министр Кеңсесінің меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Шымкент қаласының әкімі болып қызмет еткен. Соңғы лауазымы «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қорытындысында Үкімет басшысы мен Президент Әкімшілігінің басшысы қала активіне жаңа әкімді таныстырды. Бақытжан Сағынтаев Шымкент қаласы бір миллионнан астам халқы бар Қазақстан қалаларының қатарына қосылғанын еске салды. Таныстыру барысында Премьер-Министр жаңа әкім Мемлекет басшысының жоғарғы сенімін ақтайтынына сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы