387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

  • 678
  • UPD: 00:12, 21.06.2018

Республикалық байқауға 400-ден аса өтініш келіп түсіпті.

Бірнеше кезеңнен тұратын сайыс қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз анықталды.

Бұл жөнінде бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл конкурсқа қатысушылар арасында тек қана саяси және әкімшілік қызметшілер ғана емес, әлеуеттік құрылымдардың қызметкерлері де бар. Байқаудың ең жас жеңімпазы 24, ал ең үлкені 53 жаста. Олардың есімдері 22 маусымда өтетін гала-концертте салтанатты түрде жария етіледі.

Айгүл Шайымова, ҚР МҚІ СЖҚІА төрағасының орынбасары:

- Жақында 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні болып жарияланды. Осының қарсаңында республикалық байқауды өткіздік. 454 өтініштің 390-ы байқауға жіберілді.  Солардың арасынан 50 және одан да жоғары ұпай жинаған 189 адам іріктелді. Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз анықталды.

Хабар 24 телеарнасы