389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ елдері сот сараптамасын бірге жетілдіреді

  • 419
  • UPD: 09:35, 21.06.2018

Алматыда адвокаттардың мүмкіндігі мен жеке сот сарапшыларының жұмысы талқыланды.

Халықаралық жиында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сот сарапшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері және адвокаттар өз ойларын ортаға салды. Мысалы, еліміздегі адвокаттар,бұдан былай сотталушының,құқығын қорғау мақсатында сот сараптамасын тағайындауға құқылы. Заң биылдан бастап күшіне енді. Ал осыған дейін,оны тек мемлекеттік айыптаушылар ғана тағайындайтын. Халықаралық конференцияға қатысқан сала мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, сараптамалық құрылғыларды жетілдіру мәселесін талқылады.

Әнуар Түгелов, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:

– Біз көбінде жеке сот сарапшылары палатасымен ақылы түрде жұмыс істейміз. Олар бізге сараптаманы бекітіп береді. Әзірге жеке сарапшылар саны аз. Жалпы әлем елдерінің көбінде мемлекеттік сарапшы болмайды. Сараптаманы жеке салаға тапсырғаны дұрыс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы