388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде тоқтап қалған мешіт құрылысы қайта жанданды

  • 450
  • UPD: 16:25, 21.06.2018
Семейде тоқтап қалған мешіт құрылысы қайта жанданды

Семейде осыдан 10 жыл бұрын басталған мешіт құрылысы қайта жанданды.

Нысан қаланың сол жағалауындағы аспалы көпірге қарама-қарсы шеңберде орналасқан. 2008 жылдан бері бірнеше рет инвесторлар келіп, талпынғанымен, жоба сол күйі аяқсыз қалып отырды. Енді міне игілікті шаруаны қазақстандық компаниялардың бірі қолға алды. Мешіттің бұрынғы сәулетіне аздаған өзгерістер енгізілген. Екі жарым мың адамға арналған құлшылық орнында 500 орындық көлік тұрағы да қарастырылған. Кәсіпкерлер жобаны 2 жылдың ішінде аяқтауды көздеп отыр. Қазір қалада 11 мешіт болғанмен, айт және жұма намаздарында халық сыймай қалатын.

Арап Еспенбетов, филология ғылымдарының докторы:

– ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Семейдің ірі мәдени орталыққа айналуы, мешіттердің де атқарған қызметі деп ескеруіміз керек. Ол медреселерде болашаққа, жақсылыққа тәрбиелейтін ұрпақ өсті, оқыды, білім алды. Ендеше бүгінгі біздің жасап отырған ісіміз – кешегі аталарымыздың бастап кеткен ұлағатты шаруаның заңды жалғасы.

Хабар 24 телеарнасы